«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау» туралы

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Е.Қ.Жолданғар «Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау:тексерулер және жиі кездесетін бұзушылықтар» бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 04.12.2025, 10:00
  • 04.12.2025, 17:00

Аманжолов Еламан 04.12.2025, Сұрақ нөмірі: 13798

  • 0

Тәртіптік істерді қарау кезінде қандай стандарттар мен ережелер басшылыққа алынады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.12.2025

Қайырлы күн! Тәртіптік істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының 23.11.2015ж. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015ж №156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережелердің талаптары басшылыққа алынады.