«Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы А.А.Енсегенова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 05.12.2025, 10:00
- 05.12.2025, 13:00
Исак Айдана 05.12.2025, 10:14, Сұрақ нөмірі: 13799
Сәлеметсіз бе, Мемлекеттік қызметке конкурссыз қалай орналасуға болады?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.December.2025, 11:37
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз! Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабының 3-2 тармақшасына сәйкес, өңірлік кадрлық резервіне алынған адамдар жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады. Сондай-ақ, 15-баптың 5-тармағына сәйкес, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша гранттық негізде білім алған және уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген түлектер оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен аудандық, ауылдық округтердегі төменгі лауазымдарға орналасуы көзделген.