«Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру тәртібі»

«Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы А.А.Енсегенова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 05.12.2025, 10:00
  • 05.12.2025, 13:00

Жеңісов Мерей 05.12.2025, Сұрақ нөмірі: 13801

  • 0

Қайырлы күн! Менің жоғары білімім бар, бірақ мемлекеттік қызметте еңбек өтілім жоқ. Мен мемлекеттік қызметке кіре аламынба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.12.2025

Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз! Мемлекеттік қызметке орналасатын тұлғалар біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Біліктілік талаптарында білімі, құзыреттері және еңбек өтілі бойынша талаптар қамтылады. Мемлекеттік органдардағы бас маман, жетекші маман лауазымдарына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар азаматтардан еңбек өтілі талап етілмейді.