Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 15.12.2025, 09:00
  • 15.12.2025, 17:00

Айтуар Мұрат 15.12.2025, 15:16, Сұрақ нөмірі: 13807

  • 0

Мемлекеттік басқару академиясының түлектері оқуды үздік аяқтаған жағдайда оған заңда қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.December.2025, 15:28

Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабы, 5-тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алатындығын хабарлаймыз.