«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы»
«Облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 19.12.2025, 09:00
- 19.12.2025, 18:00
Жақсыбекқызы Айжан 19.12.2025, 11:37, Сұрақ нөмірі: 13820
Халық санының артуына байланысты жүктілік және босану кезеңінде әйелдерге медициналық көмек көрсететін орталық салу жоспарда бар ма?



Қызылорда облысы 19.12.2025
Қайырлы күн! Президент тапсырмасына сәйкес 12 облыста заманауи перинаталдық орталықтар салу көзделген. Қызылорда қаласында халықаралық тәжірибе мен жаңа медициналық технологиялар енгізілетін 200 төсектік заманауи перинаталдық орталық салу жоспарлануда. Нысанға 2,7 гектар жер учаскесі бөлінді. Алдағы жылы республикалық бюджет есебінен құрылысы басталуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жағалауына орналасатын 500 келушіге арналған емхананың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 148 млн теңге қаралып Жоба-сметалық құжаттамасы сараптамадан оң нәтижесін алды.