Мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан саясат туралы
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 8
- 19.12.2025, 10:00
- 19.12.2025, 17:00
Каймаков Дулат 19.12.2025, Сұрақ нөмірі: 13822
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссиясының құрамына енгізілді. Конкурсқа оның жақын туысы қатысып отыр. Бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды ма және мемлекеттік қызметші қандай әрекет жасауы тиіс?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.12.2025
Сәлеметсіз бе Каймаков Дулат! Бұл жағдайда мүдделер қақтығысы туындайды, өйткені қызметшінің жеке (туыстық) мүддесі оның қызметтік шешімінің объективтілігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан да, мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысы туралы жазбаша түрде тікелей басшысына хабарлауына және конкурсқа қатысты шешім қабылдауына қатыспауға (өзін-өзі шеттетуге), сонымен қатар басшылықтың мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шешімін орындауға міндетті.