Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 21.01.2026, 11:00
- 21.01.2026, 17:00
Бірмағанбет Ақтолқын 21.01.2026, 11:31, Сұрақ нөмірі: 13847
Мен паспорт жасауға өтініш берген едім, қанша күнде дайын болады?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.January.2026, 14:58
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидасының 1-қосымша 3-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі құжатты жалпы тәртіпте 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін: Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 1 (бір) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; облыс орталықтары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 5 (үш) жұмыс күніне дейін; облыстардың қалалары және аудандары үшін – жеделдіктің 3-санаты бойынша 7 (жеті) жұмыс күніне дейін.