«Құрылыс саласындағы рұқсат беру қағидалары»

«Құрылыс саласындағы рұқсат беру қағидалары» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.02.2026, 09:00
  • 19.02.2026, 18:00

Жолдасбекова Аружан 19.02.2026, 10:40, Сұрақ нөмірі: 13852

  • 0

Киім дүкенін ашқым келеді, ендігі құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарлама-талонын алу үшін қандай құжаттар тізімін дайындауым керек және хабарлманы жібергенде қандай құжаттарды тіркеуім кажет?

Қызылорда облысы 19.02.2026

Қайырлы күн! Ең алдымен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарлама-талонын алу үшін Сізге керек құжаттар тізімі: архитектуралық жоспарлау тапсырмасы, нысанның келісілген эскиздік жобасы, жұмыс жобасы, жоба сараптамасының оң қорытындысы. Одан кейін Сіз мердігер ұйыммен, техникалық қадағалаушы және авторлық қадағалаушымен келісімшартқа отырасыз. Ал, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарламасын Elicense.kz порталы арқылы жіберіп, қосымшасына жоба сараптамасының оң қорытындысы, жер таңдау актісі немеме жерге құқық беретін актісін тіркейсіз.