«Құрылыс саласындағы рұқсат беру қағидалары»
«Құрылыс саласындағы рұқсат беру қағидалары» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 19.02.2026, 09:00
- 19.02.2026, 18:00
Жұмабек Мағжан 19.02.2026, 10:43, Сұрақ нөмірі: 13853
Саламатсыз ба? Мен кеңсе құрылысына Сіздерден рұқсат алған болатынмын. Енді құрылыс жұмыстары аяқталған соң, қабылдау актісінің құжаттарын дайындау барысында техникалық қадағалаушы ол мекемені сатып жібергендігін және құжаттарға қол қоймайтындығын айтты. Ол мәселені қалай шешсем болады?



Қызылорда облысы 19.02.2026
Қайырлы күн! Сіздің нысанға қатысты техникалық қадағалаушының өзгеруіне байланысты, Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңының 46-бабының 7-тармағына сәйкес міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті. Осыған сәйкес, Сіздің нысанның техникалық қадағалаушысы өзгеруіне байланысты Elicense (Елицензия) порталынан қайтадан құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарламасын аласыз.