«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша»

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 13.03.2026, 11:00
  • 13.03.2026, 18:00

Наурызбаева Ақнұр 13.03.2026, 11:17, Сұрақ нөмірі: 13866

  • 0

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы туралы білесіз бе?

Қызылорда облысы 13.03.2026

Қайырлы күн! Иә, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы туралы ақпарат бар. Бұл жоба еліміздегі энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын дамытуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға және халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Ұлттық жоба аясында ескі және тозығы жеткен электр, жылу, су және кәріз желілерін жаңғырту, жаңа инфрақұрылым нысандарын салу, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі. Мұның барлығы тұрғындарды тұрақты әрі сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.