«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша»

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 13.03.2026, 11:00
  • 13.03.2026, 18:00

Айтқожаев Бағдат 13.03.2026, 11:28, Сұрақ нөмірі: 13868

  • 0

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Қызылорда облысы 13.03.2026

Қайырлы күн! «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жылу, су, электр желілерін жаңғырту, тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымды ауыстыру және жаңа коммуналдық нысандар салу жоспарланған. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жаңарту, энергия тиімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.