«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша»
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 13.03.2026, 11:00
- 13.03.2026, 18:00
Наурызбаева Ақнұр 13.03.2026, 11:30, Сұрақ нөмірі: 13869
Ұлттық жоба аясында коммуналдық желілерді жаңғыртудың тұрғындар үшін қандай пайдасы бар?



Қызылорда облысы 13.03.2026
Қайырлы күн! Коммуналдық желілерді жаңғырту тұрғындарға сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, электр энергиясы, жылу және сумен жабдықтаудағы үзілістер азаяды, апаттық жағдайлардың саны төмендейді. Сонымен қатар, тозған желілерді ауыстыру арқылы энергия шығындары қысқарып, коммуналдық жүйелердің сенімділігі артады. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.