Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 26.03.2026, 10:00
- 26.03.2026, 18:00
Аманжолова Айым 26.03.2026, 14:26, Сұрақ нөмірі: 13880
Сәлеметсіз бе, мемлекеттік қызметші мәртебесі нені қамтиды және ол мәртебе қашан беріледі?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.March.2026, 14:43
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі – бұл мемлекеттік қызмет өткерумен байланысты құқықтардың, бостандықтардың, міндеттердің, жауапкершіліктің, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, ол Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік қызметте болуына байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді ескере отырып, жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін қамтиды. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған сәттен бастап мемлекеттік қызметші мәртебесіне ие болады және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет тоқтатылған сәттен бастап жоғалтады.