«Мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша»
«Мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 01.04.2026, 10:00
- 01.04.2026, 18:00
Искакова Ақжарқын 01.04.2026, 10:26, Сұрақ нөмірі: 13882
Мерзімді әскери қызметтен жалтарғандарға қандай жаза қолданылады?



Қызылорда облысы 01.April.2026, 10:41
Қайырлы күн! Мерзімді әскери қызметтен жалтарған тұлғаларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық жауапкершілік, атап айтқанда ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес (Әскери қызметке шақырылудан жалтару) 1-тармақшасында әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы; 2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен; 3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Ал, әкімшілік жауапкершілік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі 648-бабының (Медициналық тексерістен немесе шақырудан жалтару) 1-тармағына сәйкес азаматтарды әскери есепке қою немесе шақыру комиссиясы жолдаған медициналық тексерістен немесе қараудан жалтару – құқықтық әскери міндеттегі азаматтарға – бес АЕК көлемінде айыппұл, шақырылатын азаматтарға – ескерту немесе үш АЕК көлемінде айыппұл. 2. Әскери міндеттегі азаматтардың әскери жиындардан жалтаруы – бес АЕК көлемінде айыппұлға әкеп соғады.