«Мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша»

«Мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 01.04.2026, 10:00
  • 01.04.2026, 18:00

Рыспаев Улыкбек 01.04.2026, 10:38, Сұрақ нөмірі: 13884

  • 0

19 жасар азамат әскери борышты өтеу кезінде және өтегеннен кейін мемлекеттен қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Қызылорда облысы 01.April.2026, 10:42

Қайырлы күн! Әскери қызметті өтеу кезінде және одан кейін 60 күн ішінде несие төлемдерін кейінге қалдыру (кредиттік демалыс), сарбазға әлеуметтік төлем қарастырылған. Қызметтен кейінгі негізгі артықшылықтар мен жеңілдіктер төмендегідей: • әскери қызметтен кейін 2 жыл ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі бар; • қызметте үздік болғандар үшін «Срочники 2.0» платформасы арқылы білім грантын алу мүмкіндігі қарастырылған; • құқық қорғау органдарына және арнайы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде артықшылықтар беріледі; • әскери қызметте жүрген уақытында оқу және жұмыс орындары сақталады.