Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Сейдалиева Перуза 10.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Жосалы кентіндегі көшелердің қазіргі таңдағы жағдайы нашар. Көшелердің көпшілігі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Сонымен қатар, көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе?
Администратор 11.06.2009
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен Жосалы кентін абаттандыруға 52 600 мың теңге қаражат бөлініп отыр, оның ішінде үш көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 44 684 мың теңге, алты көшені жарықтандыруға 7 800 мың теңге қаражат қаралды. Аталған жұмыстар маусым айында басталатын болады.