2008 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің нысандарды 2008-2009 оқу жылына әзірлеу және жылыту маусымына байланысты жүргізілетін дайындық жұмыстары туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2008 жылғы қазанның 10-ы мен желтоқсанның 1-і аралығында «Электрондық үкімет» Порталында 2008 жылғы жылыту маусымы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 80
- Жауаптар: 23
- 10.10.2008
- 01.12.2008
- Министерство энергетики и минеральных ресурсов
Камилаев Темирбай Есенбекович 12.11.2008, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Болатбек Баянович!
Осы интерент конференция арқылы 1-ші және жалғыз сұрақ қойған мен едім. Сұраққа облыс әкімшілігі атынан жолданған жауапты оқып не себептен халықтың осы сәтті пайдаланып сұрақ қоймайтынын түсінген сияқтымын. Жауаптағы жасалған жұмыстар жасалған шығар бірақ еш нәтиже жоқ. Өзім әдейі осы жағдайды тексеру үшін Қызылордаға барғанмын. Сұрастыра келе пәтерге Жылу орталығынан кісілер келіп көріп кеткенін естідім, бірақ жылу жоқ.Жөндеу жұмыстары жасалды дегені де мүлде шындыққа жатпайды. Сондықтан осы жылы Сізден осы жағдайды Өз қарауыңызға алып жағдайға көмек беруіңізді сұраймын. Қызылорда қаласы Мүсірепов көшесі 20 үй 81 пәтер. Алдын ала Сізге рахмет айтамын.
Администратор 24.11.2008
Сіздің облыс әкімінің атына Қызылорда қаласының Мүсірепов көшесі, 20 үй 81 пәтерінде жылу жоқтығы жөнінде жолдаған сауалыңызға байланысты төмендегіні хабарлаймын. Аталған мекен-жай бойынша себебін анықтау мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік кәсіпорны мамандарымен және «Азамат» ПИК қызметкерлерімен мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізіліп, аталған пәтерде жылу бар екендігі анықталды. Қызылорда қаласының әкімшілігі тарапынан жылу энергиясының тұтынушыларға өз деңгейінде берілуі қатаң бақылауға алынды.