«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы»
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы» қажеттілігін анықтау мәселесі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 30.04.2026, 09:30
- 30.04.2026, 18:00
Орынбасар Диляра 30.04.2026, 10:48, Сұрақ нөмірі: 13909
Қайырлы күн! Сатып алынған минералды тыңайтқыштарға субсидия алу үшін не істеу қажет?



Қызылорда облысы 30.April.2026, 15:06
Қайырлы күн! "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 66 тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарөндірушінің "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім береді. Тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде, ауыл шаруашылығы тауарөндірушісі "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды түрде осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім береді. Ауыл шаруашылығы тауарөндіруші берген және ЭЦҚ-сы қойылған өтінімнің (өтпелі өтінімнің) СМАЖ-да тіркелуі тиіс. Сонымен қатар, СМАЖ-да ауыл шаруашылығының тауарөндірушіде деректер СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін тыңайтқыш өндірушінің СМАЖ-да жеке шоты болуы қажет.