«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы»

«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы» қажеттілігін анықтау мәселесі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 30.04.2026, 09:30
  • 30.04.2026, 18:00

Найзабай Құралай 30.04.2026, 10:59, Сұрақ нөмірі: 13910

  • 0

«Ауыл аманаты» жобасы өңірде қалай жүзеге асырылуда?

Қызылорда облысы 30.April.2026, 15:07

Қайырлы күн! Жоба аясында 2023-2024 жылдары 5,5 млрд. теңгеге 782 жоба жүзеге асырылды. 2023 жылы өңірімізде 3 млрд. теңгеге 406 жоба, 2024 жылы 2,5 млрд. теңгеге 376 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 2 жылда 1 110 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік саны 400 бірлікке артты. 50 өндірістік кооперативі құрылды. Өңдеу саласы бойынша 158 кәсіпорын және жалпы алаңы 2 гектар құрайтын 56 жылыжай өндірісі ашылды. 2 676 бас асыл тұқымды мал сатып алынды. Сонымен қатар, қайтарылған қаржы есебінен 146,7 млн. теңгеге 15 жоба қосымша қаржыландырылып, 25 жұмыс орны ашылды. Қарыз қайтарылымы 95 пайызды құрап отыр. Қаралған қаржы барлық елді мекендерді бірдей қамту мақсатында халық санына қарай тепе-тең бөлініп, жалпы 146 ауылдық округтің жыл сайын 100 ден жоғары елді ауыл қамтылуда. 2025 жылға аталған бағдарлама аясында 5,5 млрд. теңге жыл соңында бөлініп, бүгінгі күнге 3,2 млрд. теңгеге 389 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 28 ауыл шаруашылығы кооперативі 605,6 млн. теңгеге несиелендірілді. 61 жұмыс орындарын ашу көзделген. 2026 жылы жоба аясында 5,6 млрд. теңгеге 526 жобаны іске асыру көзделуде. 2026 жылдың 1 қаңтарына бағдарлама аясында 2023-2025 жылдары несие алған тұлғалардан 237,9 млн. теңге салық және міндетті аударымдар түскен, 2024 жылмен салыстырғанда 85,3 пайызға артып отыр. «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру нәтижесінде өңірде бірқатар азық-түлік өніммен қамтамасыз ету деңгейінің өсімі байқалуда. 2025 жылы 65 түрлі азық-түлік тауарларының ішінен 20 тауардың өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда артты. Атап айтқанда, қызанақ 79,5%, балық 23,6%, қарбыз 18,7%, қияр 10%, қымыз, шұбат 9,2%-ға, асқабақ 5,3%, жылқы еті 4,1%, тауық еті 3,0%-ға, консервіленген, мұздатылған, маринадталған көкөністер өндірісі 0,8%, алма 0,5%, бал 0,2%, жұмыртқа мен сүзбе 0,1%, өсім құрады.