Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 14.05.2026, 10:00
  • 14.05.2026, 17:00

Джуматаева Жайна 14.05.2026, 15:40, Сұрақ нөмірі: 13918

  • 0

Қайырлы күн, баламды колледжге кіру үшін құжат тапсыру қажет, соған қалай тапсырсам болады ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.May.2026, 15:54

Қайырлы күн! Колледжге құжат тапсыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы арқылы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметіне өтінішпен жүгіну қажеттігін хабарлаймыз.