Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Интернет-конференция зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Атап айтқанда, авторлық құқықтарды қорғау, сабақтас құқықтарды реттеу, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және цифрлық ортадағы заманауи сын-қатерлер қарастырылады. Қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмаса алады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 15.05.2026, 09:00
- 15.05.2026, 18:00
Егінбай Айдана 15.05.2026, 16:28, Сұрақ нөмірі: 13920
Шығарманы заңмен қорғау үшін авторлық құқықты тіркеу қажет пе?



ҚР Әдiлет министрлігі 15.May.2026, 17:14
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық құқық туынды жасалған сәттен бастап туындайды және міндетті тіркеуді немесе өзге де шарттылықты талап етпейді. Құқықтық қорғау туындыларды олардың тіркелуіне, жариялануына немесе өзге де нысанда көрсетілуіне қарамастан қолданылады. Сонымен қатар, авторлық құқық объектісіне Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне даулар туындаған жағдайда авторлықты және туынды жасалған күнін қосымша дәлелдеу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.