Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Интернет-конференция зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Атап айтқанда, авторлық құқықтарды қорғау, сабақтас құқықтарды реттеу, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және цифрлық ортадағы заманауи сын-қатерлер қарастырылады. Қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмаса алады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 15.05.2026, 09:00
- 15.05.2026, 18:00
Ержанқызы Сабина 15.05.2026, 17:10, Сұрақ нөмірі: 13922
Пираттық сайттардан фильмдерді, музыканы және бағдарламаларды жүктеу заң бұзушылық болып санала ма?



ҚР Әдiлет министрлігі 15.May.2026, 17:12
Авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін құқық иеленушінің келісімінсіз заңсыз орналастыру, тарату және өзге де пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады. Пираттық интернет-ресурстарды пайдалану авторларға, орындаушыларға, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілеріне және өзге де құқық иеленушілерге зиян келтіреді.