Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Интернет-конференция зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Атап айтқанда, авторлық құқықтарды қорғау, сабақтас құқықтарды реттеу, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және цифрлық ортадағы заманауи сын-қатерлер қарастырылады. Қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмаса алады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 15.05.2026, 09:00
- 15.05.2026, 18:00
Панцертова Сабина 15.05.2026, 17:34, Сұрақ нөмірі: 13927
Егер бренд немесе технология бизнесте бұрыннан қолданып жүрсе, неге өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу маңызды?



ҚР Әдiлет министрлігі 15.May.2026, 17:42
Тіркеусіз пайдалану әрдайым толыққанды құқықтық қорғауды қамтамасыз ете бермейді. Тек тіркелген тауар белгісі, патент немесе өнеркәсіптік үлгі ғана үшінші тұлғаларға объектіні пайдалануға тыйым салуға, өтемақы өндіріп алуға және сотта мүдделерді қорғауға айрықша құқық береді. Сонымен қатар тіркеу бизнестің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жосықсыз бәсекелестік тәуекелдерін төмендетеді.