Көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 05.06.2026, 10:00
  • 05.06.2026, 17:00

Дарханұлы Шерхан 05.06.2026, 10:34, Сұрақ нөмірі: 13938

  • 0

Қайырлы таң, сұрағым мынадай, қала арасында немесе аудан арасында жолаушыларды тасылмадайын деп едік, соған рұқсат па әлде лицензия алу үшін не істеу керек ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.June.2026, 10:57

"Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін алу үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, яғни облыстағы, аудан және қаладағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімшелеріне "Е-лицензиялау" порталы арқылы жүгіну қажеттігін хабарлаймын.