«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» ММ

Жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға қажетті қоғамдық жайылымдар туралы

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 5
  • 03.08.2026, 10:00
  • 03.08.2026, 18:00

Керимбекова Айдана 03.08.2026, Сұрақ нөмірі: 13958

  • 0

Саламатсыздар ма! Ауыл маңында жайылым жерлер жетіспеген жағдайда Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы қандай шаралар қолданады?

Жетісу облысы 03.August.2026, 13:12

Жер қатынастары басқармасы аудандық әкімдіктермен бірлесіп келесі шараларды жүргізеді: ірі жер пайдаланушылардың пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген жерлерін сот арқылы мемлекетке қайтару; жерді ерікті түрде ауыл мұқтаждығына қайтару бойынша келіссөздер жүргізу; сондай-ақ малды алыс жайлауларға шығаруды ұйымдастыру.