Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Интернет-конференция барысында Атаулы әлеуметтік көмегі алу тәртібі, қызмет алушылар санаттары, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімдері, сондай-ақ үйде және күндізгі орталықтарда қызмет көрсету мәселелері қарастырылады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 07.09.2026, 10:00
  • 07.09.2026, 18:00

Муханова Айжан Сериковна 07.09.2026, 11:25, Сұрақ нөмірі: 13961

  • 0

Сәлеметсізбе менім айлық жалақым 100,0 мың. теңге, ажырасқан отбасымын, 18 жасқа толмаған 2 балам бар, алимент алмаймын себебі балалдардың әкесі мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген. Маған атаулы әлеуметтік көмек алуға болады ма ?

Жетісу облысы 07.September.2026, 11:32

Салеметсізбе Айжан Сериковна! 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 120 бабына сәйкес Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі облыстарда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Сіздің отбасыныздың айлық табысыныз 100 000 теңге болуына байланысты орташа 3 адамға бөлгенде әр адамға 33 333 теңгеден шығады. 2026 жылы 3 тоқсанға кедейлік шегі 45095 теңге, сондықтан Сіздің отбасынызға атаулы әлеуметтік көмек бір айға 35 286 теңге төленеді.