Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Интернет-конференция барысында Атаулы әлеуметтік көмегі алу тәртібі, қызмет алушылар санаттары, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімдері, сондай-ақ үйде және күндізгі орталықтарда қызмет көрсету мәселелері қарастырылады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 07.09.2026, 10:00
- 07.09.2026, 18:00
Аманжолова Молдир 07.09.2026, 16:19, Сұрақ нөмірі: 13962
Сәлеметсізбе мен атаулы әлеуметтік көмек алушымын қандай жағдайларда маған тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайта есептеледі?



Жетісу облысы 07.September.2026, 16:33
Құрметті Аманжолова Молдир! Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек келесі жағдайларда қайта есептеледі: 1. отбасының құрамындағы өзгерістер болса, мысалы Сіздің отбасы мүшелерініз 18 жасқа толған баланыз әскерге шақыртылса сол күнен бастап отбасы құрамы өзгереді; 2. атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жалған мәліметтерді және (немесе) сенімсіз құжаттарды ұсынған өтініш берушіні қоспағанда, отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде есепке алынбаған фактілерді мысалы автокөлік сатылып, оның табысы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде есепке алынбаса.