Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Султан Р.Д. 24.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазіргі таңда Жамбыл облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарга арналган мемлекеттік бағдарламасы немесе аумақтық бағдарлама (егер болса) аясында қандай іс шаралар атқарылуда. Сонымен қатар болашақта аталған облыста туризмнің қай түрлерін әлемдік деңгейде дамытуға болады деген тұжырым бар.

Администратор 27.07.2008

Облыстық әкімшіліктің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 120 қаулысымен, Жамбыл облыстық үшінші сайланым маслихатының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 17-9 шешімімен «Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Аталған бағдарламаның негізгі міндеттері болып: - аймақтың туристік мүмкіндіктеріне маркетингтік зерттеулер жүргізу; - аймақтың туристік инфрақұрылымын дамыту; - жаңа туристік объектілер салу; - облыстың туристік өнімін республикалық және әлемдік деңгейге жылжыту болып табылады. Аталған іс-шараларды жүзеге асыруға қарастырылған қаржы мөлшері төмендегідей: 2006 жыл – 6950 мың теңге 2007 жыл – 3144 мың теңге 2008 жыл – 5200 мың теңге. 2007 жылы «Тау самалы» сауықтыру туристік кешені республикалық деңгейде жүргізілетін «Жасөспірімдер туризмі» жобасын іске қосты. Жоба 3 бағытта жүзеге асырылады: - танымдық және экологиялық туризм: экосоқпақ, тауға туристік бағдарлар, сонымен қатар, жаяу және атпен қыдыру бағдарлары - танымдық-тарихи туризм: Берікқара шатқалындағы ескі сақ қорғандарына бағдарлар - ескі архитектуралық ескерткішткрге, атап айтсақ, Айша-бибі кесенесі, достық алаңы, сондай-ақ «Қарахан баба», «Тектұрмас» кесенелеріне бағдарлар. Сонымен қатар қазіргі уақытта облыста туризм саласында 2 бизнес-жоба бар. Оның бірі Жуалы ауданында тау шаңғысы базасын құру. Оның құны 510 млн. теңгегі құрайды және жүзеге асырылу мерзімі 2008-2010 жылдар. Екінші жоба: «Тілебай баба» ЖШС әзірлеген «Тау самалы» туристік базасы аумағында туристік кешен құрылысы. Қазіргі таңда аталған жобалар бойынша іске асыру үшін инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.