Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 160
  • Жауаптар: 124
  • 22.09.2008
  • 10.11.2008
  • Алматы қаласы әкімдігі

Жаналин Хамзат 19.10.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жезқазған жастарының армандары Алматы, Қарағанды және Астана секілді үлкен қалаларға барып сонда оқып жұмысқа тұру. Осыған орай, Жезқазған қаласының даму стратегиясы қандай ? Жезқазған-Бейнеу , Жезқазған - Қызылорда темір жол және тас жол құрылыстары қашан басталады? 2009 жылдың бюджеттеріне енді ме?

Администратор 06.11.2008

Жезқазған қаласының 2015 жылға дейінгі даму Стратегиясының (22.02.08ж. №5/57 қалалық мәслихаттың 5 сессиясымен бекітілген) негізгі бағыттарына сәйкес, оның геоэкономикалық жағдайы негізінде қала түсті металлургияның, соның ішінде «Метталлургия – Металлөңдеу» кластерінің шегінде жоғары технологиялық және экоспортқа бейімделген өңдеуші өндірісінің және Қазақстанның оңтүстік пен солтүстік аймақтарын жалғастыратын темір жолы мен автокөлік жолдарының көліктәік-логистикалық орталығы болады. Сонымен қатар, құрылыс және саяхат (Ұлытау базасында) салаларын, шағын және орта бизнесті дамыту жоспарлануда. Инвестициялық және әлеуметтік қуатын анағұрлым арттыратын жаңа жылуэнергостанцияның және сумен жабдықтаудың қосымша көздерінің құрылыс мәселесі қарастырылуда. Ұзақтығы 98 км. «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жол учаскесі 2010-2012 жылдары кезеңінде асфальтпен жабылатын болады. Ұзақтығы 99 км. «Жезқазған-Есіл-Петропавловск» автомобиль жолы бойынша 2010 жылы жобалық жұмыстар жүргізу жоспарлануда. 2011-2013 жылдары кезеңінде осы участік асфальтпен жабылатын болады. «Достық-Жезқазған-Бейнеу» трансқазақстандық темір жолының құрылысының мерзімдері нақты белгіленбеген. Аталған мәселе Көлік және коммуникациялар министрлігінің құзыреттілігінде.