Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № 191-ө өкімімен бекітілген әкімшілік реформаның басты бағыттарын түсіндіру бойынша Медиа-жоспардың 6 тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2008 жылдың 30 қазаны мен 7 қарашасы аралығында «Электронды үкімет» порталында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша интернет-конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 5
- 30.10.2008
- 07.11.2008
- Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-конференциясы
Аманжолова Зинегул 07.11.2008, Сұрақ нөмірі:
Менін балам Алматы каласындағы Қ.Сатбаев атындағы Ұлттық техникалық универтитетінде грант иегері. Алдағы жылы бітіреді, бітірген соң жұмысқа орналасу жағы қалай болады. Үкіметтен жұмыс орындары бөлінеді ме?
Администратор 07.11.2008
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарын бітірушілерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.