Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 160
- Жауаптар: 124
- 22.09.2008
- 10.11.2008
- Алматы қаласы әкімдігі
Құлниязова Гүлнар 02.11.2008, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы,Мен Атырау қаласы тұрғыны,Құлниязова Гүлнар,жалғызбасты анамын,.өзім ата-анасыз өстім,Қызылқоғадан орта мектепті өте жақсы бітіргенмен,жоғарғы оқу орнына түсе алмадым.Көп уақыт пәтер жалдап жүрдік,1996 жылдан жатаққанада 17 жастағы ұлыммен тұрамын,жұмыссызбын,базарда ұсақ-түйек сатумен айналыстым.Ұлым колледж студенті,оқуының ақшасын қарызданып,әзер төлеп отырмын,өзі қосымша жұмыс жасайды.Ол да жастайынан тауқімет тартып,оқу бітіре алмай, жасып қала ма деп қорқамын!Былтыр машина қағып,6 ай төсек тартып тұрып кетті.Өзім осы қиындықтардан жүрекке күш түсіп,аурушаң болып қалдым.2003 жылы басымызға тағы бір қиындық түскенде ұлым сол кездегі обылыс әкіміне хат жазып,содан соң аз қамтылған отбасы ретінде үй кезегіне қойған.
Біздер үкімет тарапынан қашан,қалай,қандай жағдайда үй ала аламыз,соны білгім келеді.
Үкімет басшыларының интернет арқылы да халықпен байланыста болып тұрғанына көп рахмет!
Обылыс басшысының қабылдауына қалай кіруге болады?Құлниязова Гүлнар.Тел:32-50-90.