Үлескерлik құрылыс қатысушыларымен интернет-конференция
Салушылар, тұтынушылар, жылжымайтын мүлік субъектілері арасындағы құқықтық және экономикалық қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасы азаматтарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен, банктармен, Қазақстан Республикасы салушылары ассоциациясымен байланысуға мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 20-55/007-679 Жарлығы негізінде 2008 жылдың 9 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасындағы үлескерлік (үлескерлер) құрылысқа қатысу мәселелері «электрондық үкімет» Веб-порталында http://www.e.gov.kz/ 2008 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өткізіледі
- Сұрақтар: 686
- Жауаптар: 1038
- 09.09.2008
- 01.11.2008
- Қызылорда облысы әкімдігі
Тоқаев Нұркен 17.10.2008, Сұрақ нөмірі:
Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 16 жыл болды. Мен өзім студентпін. Болашақта еліме қызмет еткім келеді. Қазақстанда тұрғын үй мәселесі өз шешімін таппай келеді. Баспана алуда жемқорлық көп белең алуда. Алматының "жетім бұрышына" бара қалсаңыз, бір өзге ұлт өкілін көрмейсіз. Сонда қайран қазақ деген атамыздың айтқан сөздері есіңе орала кетеді. Өз жерімізде, өз Отанымызда тұрып баспаналы бола алмай келе жатқанымыз ұят іс. Әсіресе, университет бітірген жастарға, жаңадан отау құрған отбасыларға қолдау көрсетіп, баспана мәселесін дұрыс жолға қоюымыз керек деп ойлаймын. Мәселен, мен болашақта осы Алматы қаласында қызмет етіп, өз үйім, өлең төсегім болғанды қалаймын. Мүмкін болса, қарапайым халыққа оңтайлы жағын қарастырса екен. "Қазақстан" ұлттық телеарнасында әр жексенбі сайын болатын "Аялы алақан" бағдарламасын көре қалсаңыз, қазақтың былайғы 50 елдің қатарына кірмект түгілі, өзіміздің халімізді түзеп алғанымыз дұрыс деген ойға келесің. Бізде әлі де төмен отбасылар көп. Өзімде сондай отбасылардың қатарына жатқызамын. Ең бастысы - үйің болғанға не жетсін! Хабарласып тұрыңыздар! Меніңкі тек қана ой қосу еді. Еліміздің ертеңі - жастар болғандықтан, соларға қолдау көрсетуіміз керек.
Администратор 31.10.2008
Тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Алматы қаласы тұрғын-үй басқармасының құзырына кіреді.