Елбасының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясатының басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Интернет-конференциясы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Электрондық үкімет» порталында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «30 корпоративтік көшбасшылар» бағдарламасы, макроэкономикалық тәуекелдер орнықтыру іс-қимылының жедел жоспары, инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі іс-шаралар жоспары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары, Жаңа Қазақстан үшін жаңа Салық кодексі, бизнеске түсетін әкімшілік салмақты төмендетуді көздейтін лицензиялау жүйесін жетілдіру, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне көшудің заңнамалық негізі ретіндегі жаңа Бюджет кодексі және 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы мәселелері бойынша Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтарға барлық жауаптар «Электрондық Үкімет» порталында 2008 жылғы 24 қазанында жарияланады.

  • Сұрақтар: 54
  • Жауаптар: 48
  • 13.10.2008
  • 23.10.2008
  • Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Ақмолдаева Гүлнар Зүбайрақызы 19.10.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Ақмолдаева Гүлнар Кентау қаласында 1984 жылдан бастап тұрамын, Екі қызым бар.Жолдасым Құлпейісов Марат 1990 жылы Кентау қаласы Мырғалымсай руднигінде проходшы болып жұмыс істеп жүргенде, шахтада 32 жасында тас басып қайтыс болды.Үлкен қызым жоғары оқуда оқиды, екінші қызым денсаулығына байланысты дәрігерде учетта тұрады "синдром Шерешевского тернера " деген диагнозбен. Өзім денсаулығым барда базарда сауда саттықпен кунелтеміз.Ешжерден ешқандай жәрдем жоқ. Бізге Жолдасы Шахтада қайтыс болған семья деген бір көмек бола ма? Өтінішімізді қарауыңызды сұраймыз. 19 қазан 2008 жыл

Администратор 24.10.2008

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар.