Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Тобағабыл Төреғали Салтайұлы 21.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкум аға! Сіздердің ауылшаруашылығына жасалынып жатқан жағдайларыңыз аз емес, бірақта, мамандықтар жағынан тапшы болып келеді. Жоғарғы оқу орнындарына көз жүгіртсеңіз, ондағы оқу жүйесі бұрынғы кеңес үкіметі кезіндегі бағдарламамен оқытылады, қазіргі технологияға мүлдем сай келмейді. Осының әсерінен маман иелері алған дипломдарын төмен бағалап жатады, айтайын дегенім, сіздердің оқу орындарындағы бағдарламаны өзгерту жоспарларыңыз барма, бар болса қысқаша айтасыздарма?

Администратор 27.07.2008

Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты, білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді; білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыруды және бекітуді, білім берудің барлық деңгейінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітуді білім беру саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады. Сонымен қатар, 2005 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі университеттердің бірі- Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (бұдан әрі-Университет) Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырында. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2006-2010 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді, басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы халықаралық стандарттар деңгейінде жоғары сапалы білім беретін элиталы университет қылу және оқу процесіне қазіргі инновациялық технологияларды енгізу болып табылады. Университет осы бағдарламаға сәйкес оқыту технологиясын жетілдіру жөнінде жоспарланған жұмыс жүргізуде. Осылайша, Университет республикадағы жоғарғы оқу орындарының алғашқылары қатарында болып сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) әлемдік қауымдастықтың 32 дамыған елдерінде танылған «Русский Регистр» және IQNet (халықаралық сертификат желісі) сертификация жүйесіндегі ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкестігіне сертификациялық аудиттен өтіп, 2005 жылы 18 сәуірде № 000340 сертификат алды. Университет 2005 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасындағы «Русский Регистр» сертификаты жөніндегі ассоциациясы өкілдігінің инспекциялық бақылауынан өтті. Университет оқу процесіне дистанциялық оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Университеттің қазіргі заманғы техникамен жабдықталған 10 оқу корпусы және 7 студенттік жатақханадан тұратын қуа