Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Рыспеков Даулет 31.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Зағипа Яхянқызы! Бизнес сәйкес нөмірін алуға екі жыл уақыт беріліпті. Бұл маған, басқа бизнесмендерге не үшін қажет және қандай жеңілдіктер туғызады?

Администратор 27.07.2008

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңымен 12 цифрдан тұратын Бизнес сәйкестендіру нөмірі ұғымы енгізілді, ол заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлікте көрсетіледі. 2007 жылдың 13 тамызынан бастап бұрын берілген заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәліктерді қайта ресімдеу жұмысы басталды, ол 2010 жылдың 13 тамызына дейін яғни үш жылға созылады. 2010 жылдың 13 тамызынан бастап Бизнес сәйкестендіру нөмірі заңды тұлғалар үшін тіркеу нөмірін, статистикалық карточканы және салық төлеушінің нөмірін алмастыратын болады. Бизнес сәйкестендіру нөмірі өзінің қызметін жүзеге асырған кезде заңды тұлғалардың азаматтық құқықтық қатынастарға қатысуы үшін қажет. Мен осы сұраққа қосымша айта кетсем, жалпы, бұл нөмір барлық мемлекеттік органдарда бизнес мекемелерін сәйкестендіруге септігін тигізеді. Мысалы, бүгінгі күнде 3 түрлі құжат қажет болса, ал 2010 жылдан бастап, тек 1 құжат жеткілікті болады.