Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Талгат 22.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Кешіріңіз, жаңағы сұрақтарыма қосымша мынадай сұрақ қояйын деп едім. Еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде Агроөнеркәсіп кешеніне қандай ықпалы болуы мүмкін?

Администратор 27.07.2008

Қазіргі кезде Қазақстанның ДСҰ-ға кірер кезінде ауылшаруашылығы саласының тұрақтылығын және бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған және ветеринарлық-фитосанитарлық қолайлығын қамтамасыз етуді және тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін бейімдеу шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстардың белсенділігін арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сай лабораторияларды жинақтау шаралары, мамандарды диагностика, экспертиза, бақылаудағы өнімдерді залалсыздандырудың алдынғы қатарлы әдістерге үйрету және біліктілігін жоғарылату, ЖОО-да ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша кадрларды дайындау, кәсіпорындардың отандық өнімдерді өндіру кезінде халықаралық стандарттарға жедел өту бойынша шаралар жүргізілуде. Соңғы жылдарда сектордағы байқалған өсім Қазақстанның тауар өндіруде, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылауда белгілі бір артықшылығы туралы нәтижелер жасауға мүмкіндік береді. Ал азық-түлік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі елімізде жүргізіліп жатқан аграрлық саясатына байланысты. Ауыл шаруашылығы министрлігімен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі бойынша кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шаралары қабылданып жатыр. Әсіресе, несиелер бойынша банктік сыйақы ставкаларын арзандату бойынша; жабдықтарды лизингін ұйымдастыру; кәсіпорындардың сапа және қауіпсіздік менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификациялауға кететін шығындарды субсидиялау; АӨК салаларын дамытудың нормативтік-методикалық база дайындау бойынша бюджеттік бағдарламалар іске асырылуда. Аталған шаралар еліміздің Агроөнеркәсіп кешені ДСҰ-на кіруден кейінгі салдарын жеңілдетуіне, тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, экспортқа бейімделген тауарларды дамытуға және ауыл шаруашылығындағы сыртқы сауданың либерализациялауынан кері әсерін азайтуға әкеледі.