Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Абильдаев Алпыспай Абильдаевич 11.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

ҚР КжКМ аппаратында Темір жол, Су көлігі басқармалары, Азаматтық авиация комитеті бар, Автомобиль көлігі басқармасы жоқ.Ең жиі, тиімді пайдаланылатын автомобиль көлігімен жүктің 82%, жолаушылардың 85% тасымалданады. Қазақстанда автокөлік саласында 600 мың адам еңбек етеді. Автомобиль көлігі басқармасының жойылуы соңғы жылдары автокөлік саласында қалыптасқан мемлекеттік-жекеменшіктік ынтымақтастықтың бұзылуына әкеледі. ҚР КжКМ орталық аппаратында Автомобиль көлігі басқармасы қашан қайта құрылады?

Администратор 27.07.2008

Көліктегі ең жекешелендірілген сала – автомобиль көлігі, оның 98 пайызы жекеменшік қолында. Мемлекет – ең тәуір менеджер еместігін айтылып жүр. Әкімшілік реформасы барысында ККМ-нде Көлік және қатынас жолдары комитеті құрылған болатын. Мұндағы көлік сөзінің мағынасында автомобиль және су көлігі тұр. Бұдан тыс Көлік және коммуникацияны дамыту департаментінде автомобиль көлігі саласы бойынша нормативтік құқықтық жұмыспен шұғылданатын мамандар бар.