Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Болтебаев Абдикарим 24.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Салық кодексінде: "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарға" деген ұғым бар. Сұрақ: оларға теңестірілген адамдар дегенге кімдер жатады?

Администратор 27.07.2008

Қазақстан Республикасының «Ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңесстірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6,9 баптарына сәйкес Ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар қатарына 17 тұлғалар жатады. Мысалы: қоршау кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар; Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар; екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдерде фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамдарға қатысқан адамдар; екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде концлагерлерде, геттоларда және басқа да ерiксiз ұстау орындарында болған жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындар; басқа мемлекеттерде ұрыс қимылдарына қатысушылар: жаттығу жиындарына шақырылып, ўрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; Ауғанстанға жүк жеткізуге жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi. 1986-1987 жылдары Чернобыль Атом Электр Станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар және тағы басқалар.