Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Амангельды И. 13.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Көліктегі бақылау өте қажет екені түсінікті. Бірақ, біздің байқауымызша, осы бақылау көбейіп кеткен жоқ па? Мысалы, темір жолда «Қазақстан темір жолы» бір тексереді, көлік және коммуникация министрлігі бір тексереді. Осы дұрыс па?

Администратор 27.07.2008

Темір жол көлігі туралы ҚРЗ 58 бабына сәйкес Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдар бойынша қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын, сондай-ақ тиеу (түсiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру және маневрлiк жұмыс кезiнде қауiпсiздiк талаптарының сақталуын тексеруге құқылы. Анықтамалық деректер. Бүгінгі күні «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚЗРЗ жобасы әзірленуде, онда, «Мемлекеттік бақылау жәнее қадағалау функцияларын реттеу туралы» ҚР Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарғысына сәйкестікке келтіру үшін «Темір жол көлігі туралы» ҚР заңынан көрсетілген норманы алып тастау ұсынылған. Жолаушы поездарын тексеруге қатысты мәселелер бойынша. Бүгінгі күні Министрлікте жолаушы поездарын билетсіз алып жүруді анықтауға бағытталған тексеру функциясын бақылаушы-ревизорларға беру туралы, бұл ретте, жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін тасымалдаушылардың лауазымды тұлғаларының әкімшілк бұзушылығын қарау функциясын көліктік бақылау органдарына қалдыру мәселе талқылануда Осы өзгерістер тасымалдаушылардың бірінші басшыларының жауапкершілігін арттыруға және тасымалдаушыларды бақылаудың ведомстволық қызметінің тпемір жол көлігінде билетсіз жүруге бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.