Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Жақаев Мұқамеджан 12.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Теміржол көлігінің бағасы көтерілетінін жақында "Хабар" арнасынан естідік. Қазақстан Теміржолы жақсы табыс тауып жатыр. Бақталастарыңыз жоқ. Сонда неге жолаушылар төлейтін билет құны өсе береді? Теміржол басшылары бірінен кейін бірі пара алып немесе ақша ұрлап ұсталып жатса да қояр емес. Олар жолақысынан түскен ақшадан тағы да жалақыларын көтермек пе пара алмау үшін? Теміржол басшыларында ұят бар ма өзі?

Администратор 27.07.2008

Қазіргі уақытта темір жол көлігімен жолушылар тасымалын ұйымдастыру тасымалдаушылар үшін шығынды (залалды) болып табылады. Темір жол көлігімен жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңызын ескере отырып мемлекеттік бюджеттен субсидиялануға жатады. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттар тасымалдаушылардың жолаушылар тасымалын ұйымдастырудан шығындарын өтеу үшін қазіргі уақытта жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі кезде, «Жолаушылар тасымалы», «Қала маңы тасымалы» акционерлік қоғамдары және «Жолаушылартранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарифтерінің көтерілуі туралы өтінімдері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне келіп түсті. Көрсетілген өтінімдер халыққа темір жол көлігімен жүруге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңызын ескере отырып заңнамаға сәйкес қаралатын болады. Айта кететін жай, қазіргі кезде Қазақстандық жолаушылар поез билетінің құны көрші елдердің бағасымен салыстырғанды арзан болып табылады.