Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Керім 07.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Министр мырза! Астананың жаңадан ашылып жатқан емханаларына білікті мамандар алу дұрыс қолға алынбай отырғаны бізге белгілі. Неліктен медицина қызметкерлерінің жағдайын көтере отырып, жақсы мамандар алмаймыз? Бір аурумен барсаң екінші ауру тудыратын дәрі-дәрмектің бір бет тізімін жазып береді. Екінші рет барсаң қайтадан сол дәріні қабылдауды жалғастыр деп қайтарады. Дұрыс диагноз қоя алмайды қазіргі жаңа емханалардағы көптеген дәрігерлер. Осыны ескерсеңіз екен!!!

Администратор 27.07.2008

Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды түпкілікті жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық «серпіннің» тиімді жолдарының бірі – Астана қаласында медициналық кластерді құру. 2007 жылы жоғары әлемдік стандарттарға сай келетін 500 төсек-орындық Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және 300 орындық Республикалық балаларды оңалту орталығы іске қосылды. Қазіргі уақытта үш орталық - Республикалық диагностикалық орталығы, Жедел жәрдем станциясымен жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты, Республикалық нейрохирурғия ғылыми орталығы бойынша жұмыстар аяқталуда. Аталған орталықтарды іске қосу барысында Денсаулық сақтау министрлігі мамандарды - дәрігерлермен қатар орта буындағы медицина қызметкерлерін жақын және алыс шетелдегі жетекші клиникаларында (АҚШ, Израиль, Германия, Ресей, Беларусь, Литва және т.б) даярлау және қайта даярлау мәселелерін шешу ерте қамтылады. Бүгінгі таңда осындай мамандардың дерекқоры кұрылуда. Бұдан басқа шетелдік жоғары білікті мамандарды шақырып-тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы алғанда, медициналық кластерді құру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы республика халқының жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізуін арттыруға ықпал етеді. Атап айтқанда, Астана және республиканың басқа да өңірлерінің тұрғындары осы орталықтарда квота бойынша қажетті бейіндік медициналық көмек алатын болады. 2007 жылы 4 жаңа амбулаторлық-емханалық кешеннің пайдалануға берілді. Онда 306 дәрігер мен 308 медбике қызмет етеді. Дәрігерлердің 46%-ында және медбикелердің 36%–ында біліктілік санаттары бар. Медицина қызметкерлерінің санаттылық пайызының төмендігі жаңа емханаларда жұмыс өтілі 5 жылға дейін жететін жас кадрлардың қызмет етуімен түсіндіріледі. Денсаулық сақтау департаменті және емхана басшылары дәрігерлердің және медбикелердің біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. 2008 жылдың 1 – тоқсанында 34 дәрігері м