Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Әділ Нұрман 25.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

"Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының нормаларын қолданбай сатып алуды жүзеге асыратын Қ Р Үкіметінің 2007 жылғы 28.12-ғы №1309 қаулысына сәйкес ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілді. Алайда Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаменті осы тізімге кірген ауылдық емханалар мен ауруханалардың қаражатын өзіне жинап алып тендер өткізбекші. Сонда Үкімет қаулысын орындамауға бола ма?

Администратор 27.07.2008

Ауылдық жерлерде мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандардың аздығына және тауарлардың жеткіліксіздігіне байланысты, Қаржы министрлігімен аталған Үкімет қаулысына мемлекеттік сатып алу туралы заң нормаларын қолданбай сатып алу тізбесіне ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар кіргізілген болатын. Егерде облыстық бюджетте ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау мекемелеріне тауарлар сатып алуға қаражаттар қарастырылған болса, онда Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаменті өткізіп жатқан тендерлер заң талаптарына сай.