Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Аханов Асхат 15.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассаламуалейкум, Министр мырза!!! Ауыл шаруашылығын қолдау үшін несиеге берілетін қаржының көлемі қандай? Диқандарға пайызы төмендетілген немесе пайызсыз несие беру жайында толық айтып кетсеңіз. Алдын-ала РАХМЕТ!!!

Администратор 27.07.2008

Қазіргі уақыттағы екінші деңгейдегі банктердің несие портфеліндегі ауыл шаруашылығының үлесінің төмендеп кеткен жағдайында, Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ҚазАгро Холдингінің мамандандырылған ұйымдары арқылы қаржыландыру деңгейін арттыру аса маңызды болып отырғанын айта кету қажет. Егер, 2007 жылы несиелеу бағдарламасы бойынша ҚазАгро компаниясымен 69,6 млрд. теңге қаражат бөлінген болса (бұл 2006 жылмен салыстырғанда 66%-ға артық), ал 2008 жылы жоспар бойынша 126,8 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық. Несиелеу көлемінің осылайша ұлғаюы ең алдымен ішкі және сыртқы капитал нарықтарынан қаражат тартудың ұлғаюымен байланысты. Ол 2007 жылы 44%-ға артты (42,8 млрд. теңге) және 2008 жылы 2 есеге (жоспар бойынша) (92,7 млрд. теңге) ұлғаяды. ҚазАгро Холдингі мемлекеттік саясатты іске асыру аспабы ретінде қызмет атқаратын болғандықтан, еліміздің басқа қаржы ұйымдарымен салыстырғанда АӨК субъектілеріне қолжетімді (жеңілдетілген) қаржылық қолдау көрсету арқылы, әлеуметтік (коммерциялық емес) қызмет көрсетуге ереше көңіл бөліп отыр. Көктемгі-дала және жинау жұмыстарын жүргізуге несие бөлуге келсек, бұл жерде қаржылық қолдауды ҚазАгро-ның еншілес ұйымдары - «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», «Азық-түлік келісім-шарт»ҰК» АҚ көрсетеді. Мысалы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауылшаруашылығы және арнаулы техниканың лизингін жүзеге асырады және бюджет ресурсы есебінен жылына 4% мөлшерімен, сырттан тартылған қаражат есебінен жылына 11% мөлшерімен ұзақтығы 7-8 жыл мерзімге несие береді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өзінің несие серіктестіктері арқылы 7 жыл мерзімге жылдық 8-9% мөлшерімен несиелеуді жүзеге асырады. «Азық-түлік келісім-шарт» Ұлттық компаниясы» АҚ жылдық мөлшері 8%-бен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі-дала және жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру бағдарламасын іске асырады. Бұл ретте, астықтың ең көп көлемі өнімді жеткізу мерзімін ұзартумен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы