Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Нұркен Тоқаев 17.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкум аға! Жаңа қызметке келуіңізбен! Қазақстанда азық-түліктің қымбаттауына не себеп? Онсыз да өзімізде өндірілетін өнім емес пе? Халыққа оң жағын қарастыру жағы ойларыңызда бар ма? Арзан баға деген сияқты.

Администратор 27.07.2008

Рахмет! Қазіргі уақытта әлемдік бағаның жоғары деңгейде болуына мынадай негізгі әсерлер бар. Соңғы 26 жылда ең төменгі ауыспалы қор мен құрғақшылық нәтижесінде әсіресе Австария, Канада және ЕО елдерінде астық өндірісінің төмендеді, әлемдік бидай, күнбағыс пен биоотын тұтыну көбейді. Осы жағдайлар астық бағасының бүкіл әлемде күрт өсуіне әсерін тигізді. Қалыптасқан жағдай Қазақстанның астық және оның қайта өңдеу өнімдері нарығына да әсерін тигізбей қоймады. Сонымен қатар еліміздегі азық-түліктін бағасының қымбаттауына ішкі электр қуаттары көздерінің (былтырғы жылмен салыстырғанда 15,6%-ға), көлік қызметтерінің (9,7%), сумен қамтамасыз етудің (3,2%) және жалақы төлемдерінің (22,1%) қымбаттауы себеп болып отыр. Еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыста жергілікті атқарушы органдардың күшімен азық-түлік астығының тұрақтандыру қоры құрылды. 2007 жылғы қыркүйек айынан бастап қала және облыс тұрғындарындарға апта сайын жеміс-көкіністерді жеткізушінің бағасымен сату мақсатында жәрмеңкелер өткізіліп жатыр.