Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Алматы қаласы әкімшілігімен Интернетөконференция

Алматы қаласы Әкімшілігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде жарияланады.

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 25.04.2009
  • 25.04.2009
  • Алматы қаласы Әкімшілігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде жарияланады.

Жакипжанов Елдос 25.04.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Неліктен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауын 2009 жылы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» деп атады және оның маңыздылығы неде?

Администратор 25.04.2009

Әлімдік қауымдастықтың басқа да мемлекеттері секілді біздің Республика да әлемдік дағдарыс жағдайымен бетпе-беткелуіне тура келді. Соңғы жылдары, дағдарысқа дейін кезеңде тұрақтандыру қоры үшін құралдардың үнемі толықтырылып отыруын және қолда бар активтерді сауатты басқара алған, біздің Президенттің және жалпы мемлекеттің өлшенген және орталықтандырылған саясаты мемлекетімізге Азия құрлығындағы, Еуропа мен Америка елдеріне қарағанда дағдарыстың дүмпуін, қаржы империяларының құлауын және күннен күнге өсіп отырған жұмыссыздықтың орын алуына жол бермеді. Әлемдік экономиканың шырмауынан (рецесия) шығу үшін бүгінде Қазақстанның мүмкіндіктері, атап айтқанда тәуелсіздік алғаннан кейін жылдары құрылған және жинақталған барлық мүмкіндіктері мен алғышарттары бар: адам ресурстары, мемлекеттік аппараттың ұшталған жұмыс механизмі, тұрақтандыру қоры (ол біздің Президентіміздің арқасында нақты осындай жағдайларға арналып құрылған), мемлекетті басқарудың нақты әкімшілік орталықтандырылған жүйесі, дамыған банк жүйесі және т.б. Әрине, Қазақстан Республикасының Президенті тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерге сүйене отырып, бірқатар бағыттарды атап көрсетті. Олар арқылы халқымыз және мемлекет дағдарыстан шығып қана қоймай, сондай-ақ басқа мемлекеттерге қарағанда барынша шығынсыз шығады. Қазірдің өзінде ақпараттық агенттіктердің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан халықты жұмыспен қамту, ұлттық валюта эмиссиясы, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және кепілдік беру, агроөнеркәсіптік саланы дамыту секілді салалардағы макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша барынша аз шығынмен және едәуір жақсы нәтижелермен алға жылжуда.