Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Халидуллин Алтынбек 21.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

1. Каспий теңізінің солтүстік жағалауына жылда қамыс қалың өседі. Бұл целюлюза-қағаз өндірісіне шикізат болар еді. 2. Теңізден үнемі соғатын жел - жел энергиясын өндіруге қолайлы. Бұл мәселеге қалай қарар едіңіз?

Администратор 27.07.2008

Қойылған сұраққа рақмет. Қалпына келетін шикізат көздерінен (қамыс, құрақ, жел, су және т.б.) қағаз –картон бұйымдарын алу немесе электр энергиясын алу мәселелері бүкіл адамзат өркениетінің оның ішінде біздің еліміз үшін де өте өзекті болып табылады. Экологиялық таза, арзан энергия көздерін жетілдіру үшін ғалымдар мен өндірісшілер үлкен жұмыстар жүргізуде. Аталған мәселелер бойынша жобалар болса, біздің министрлік мамандары қарастыруға дайын екенін хабарлаймын.