Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Samat 06.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сұрақ: Қоғамдық ұйымдар және өзге де ҮЕҰ формалары үшін Интернет тарифын төмендету немесе коммерциялық ұйымдарға қарағанда біршама төмен дифференциалды тарифты қолдануды қарастырып отырған жоқсыздар ма? Жоспарларыңызда бар ма?

Администратор 27.07.2008

Сіздің Интернетке қол жеткізуге сараланған тарифтерді белгілеу өтнішіңіз, себебі оларға тарифтердің өте жоғары болынан шығып отыр. Қоғамдық ұйымдар үшін жеңілдіктерді енгізген жағдайда мемлекет Интернет-провайдерлердің шығындарын өтеуі тиіс. Шығындар санын есептеу өте қиын. Мысалы, «Қазақтелеком» АҚ бірнеше жүз қызметтер көрсетеді. Интернетке қол жеткізілім қызметтері бойынша «Қазақтелеком» АҚ қандай шығындарға батуын жалпы санның арасынан бөліп шығару өте қиын. Сондықтан Интернетке қол жеткізілім іс жүзінде барлығына мүмкін болған жағдайда, бағаларды барынша төмендеткенге дейін бәрінен бұрын бағыт бойынша жүрген дұрыс. Мысалы үшін дамыған елдерді келтіруге болады, онда Интернетті пайдаланушылар аз сома төлейді, ал Интернет-провайдерлер көп көлемдегі пайдаланушылар арқылы пайда табады. Сол себепті, Агентік бұл ретте пайдаланушылардың санын көбейте отырып, Интернетке қол жеткізілім қызметтеріне бағаларды төмендетуге жұмыс жасауда. Сонда Сіздің қалауыңыз өзінен өзі шешіледі, ал Интернет-провайдерлері өзінің табыстарынан айырылмайды. Бұл ретте, пайдаланушылар мен Интернет-провайдерлер арасындағы мүдделер теңгерімін табу керек.