Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Самат 06.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақша интернет кеңістігі өте кедей екендігі баршаға мәлім. Осы салада - Интернеттен қазақша материалдарды қалаған мөлшерде, кез-келген салада табу бойынша - қандай жұмыс жүргізілуде. Әрине, Интернетті қадағалау мүмкін емес, алайда менің демегім, қазақша сайттардың көбеюі, дамуы бойынша не жоспарларыңыз бар? Ықпалдарыңыз қандай? Қазақ тілінде бай электрондық - интернет арқылы қол жеткізуге мүмкін болатын - кітапхана, материалдардың болуына ықпал жасап, жоспар түзсеңіздер.

Администратор 27.07.2008

Рахмет сұрақтарыңызға. Қазіргі уақытта қазақ тілі мәселесі көп көтеріліп жатыр, мына байланыс саласында, ұялы байланыс саласында, байланыс саласының басқа түрлерінде болсын интернет саласына келсек, біздің құзыретімізге интернеттегі қазақ тілі кірмейді, ол Мәдениет және ақпарат Министрлігінің құзыретіне кіретін мәселе. Ал біздің, мәселеміз интернет жағына қарағанда тек тариф түсіру, жанағы контент дейміз ғой, сол жағына қарау, ал қазақ тілі мәселесіне келгенде, біздің құзіретіміз жоқ. Ал, бірлесіп ол жұмысты бірлесіп қолымызды сілкіп жасауға, біз дайынбыз. Ал, жалпы байланыс саласына келетін болсақ, Қазақтелекомда үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақ тілінде ақпараттарды ала аласыздар, ақпараттық бюролардан, ұялы байланыс операторларымен қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақ тілінде шрифтері бар телефондар жүргізумен, Үкіметімізде байланыс заңдарына өзгерістер енгізіліп жатыр, сол жерде талаптар қойып жатырмыз. Мына шетелден келетін құралдарды қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік беретін болады.