Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Самат 08.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Кәсіпкерлік бағытында қайта өңдеұ, және экологиялық проблемалар туындайды. Шешім жолдары белгілі, бұл - биогаз және тыңайтқыш өңдеу. Шикі зат тапшылық, тапқан өнімге де сүранысы бар, экологияға әкелер пайдасы зор технологияларды неге біздің ауыл шаруашылығымызда пайдаланбасқа? Егер үкімет қызығушылық танытып өз тарапынан қолдау корсетсе ойлаймын - қолымнан келерлік іс.

Администратор 27.07.2008

Бұл сұрақтың маңызы өте жоғары. Биыл Үкімет тарапынан маңызды екі жоба әзірленді. Біріншісі, ұзақ мерзімге арналған Энергияның баламалы көздерін дамыту стратегиясы. Екіншісі «Баламалы энергия көздерін қолдау» заң жобасы. Бұл екі заң жобасы да депутаттардың үлкен қызығушылығын танытты. Осы сұраққа байланысты ауыл шаруашылығында биогаз, тыңайтқыш өңдеу, қалдықтардың әсері мәселелері ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. <br><br> Егер мәселелердің шешімін ойлап тапқандарды қолдайсыздар ма? <br><br> Әрине қолдаймыз. Біз жақында Павлодар, Ақмола, Алматы, Қарағанды өңірлерінде экологиялық тыңдаулар өткіздік. Ақмола облысының шағын бизнес өкілдерінің қазірдің өзінде-ақ орнықты органикалық қалдықтарды өңдеу секілді жұмыстарын көрдік.