Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Иса Абжаппар 10.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

1. Эмиссияға рұқсат алған бір кәсіпорынға тиесілі зауыт арендаға берілгенде неліктен жалға алушы тарап бүткіл рұқсат алу жолын қайта өтеді. 2. Қоршаған ортаны қорғаудағы кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерімен бірге, әсіресе ауыл шаруашылығына байланысты кәсіпкерлікке неге үлкен кәсіпкерлікке қойлатын талаптар қойлады.

Администратор 27.07.2008

Жеке және заңды тұлғаларға қоршаған ортаға эмиссияларға берілген рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 8-тарауындағы 78-бабқа сәйкес жүзеге асырылады. Хатта келтірілген мысал, яғни бір кәсіпорынға тиесілі зауыт басқа кәсіпорынға жалға берілуі осы бабта көрсетілген себептердің қатарына жатпайды. Жалға алушы тарап қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 72-бабта көрсетілген құжаттар топтамасын тапсыруы сондықтан. Екінші сұраққа келер болсақ, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен Қазақстан Республикасы аумағының шегінде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледі. Өз кезегінде осы қатынастардың қатысушылары болып: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар табылады. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу кезіндегі жеңілдіктер туралы айтар болсақ, оларға Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 72-бабының негізінде IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар ие және олардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға құжаттар топтамасы рұқсат алуға өтiнiмнен және қолданылатын техникалық шешімдер, кәріз, желдеткіш, қалдықтарды шығару, көлік құралдарын пайдалану туралы ақпарат бар хабарлау декларациясынан тұрады.